Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған 58 азамат айыппұл төледі

0
2 319

Оларға жалпы сомасы 3 019 720 теңге көлемінде айыппұл салынды.


 Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған 58 азамат айыппұл төледі

Шымкентте жыл басынан бері 58 рейдтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мониторингтік топ 1 179 нысанды қамтыды. Оның ішінде қоғамдық тамақтану орындары, балаларға арналған ойын алаңдары, азық-түлік дүкендері мен түнгі клубтар бар.

Рейд барысында карантин тәртібін сақтамаған 58 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 019 720 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мамандар қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмай, топтық іс-шаралардың жиі өткізіле бастағанын, тіпті кейбір азаматтардың өз денсаулығына салғырт қарап бетперде тақпай жүргендерін де алға тартты.