Шымкентте қараусыз қалған карьерде жасөспірім суға батып кетті

0
725

Қазіргі таңда оқиғаның себебі нақтылануда.


Шымкентте қараусыз қалған карьерде жасөспірім суға батып кетті

Шымкентте 15 жасар бала карьерде түсініксіз жағдайда суға батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" басқару пультіне 02 мамырда сағат 14-45-те "102" қызметінен Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы суда сирек кездесетін жағдай туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпаратқа сәйкес, Қайтпас-1 шағын ауданында суға шомылуға жабдықталмаған жерде, атап айтқанда, қараусыз қалған карьерлік қазаншұңқырда, су басқан учаскеде пайда болған жерасты суларының салдарынан 2007 жылы туған бала суға құлап, батып кеткен.

“Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына келіп, су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді және сағат 16.20-да суға батып кеткен адамның мәйітін тауып, шығарып алды”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиғаның себебі нақтылануда.

Ведомство мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Анықтау жұмыстарын Қаратау ауданының полициясы жүргізуде.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері 5 адам, жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері 4 адам 1 бірлік техника, 1 бірлік жүзу құралы тартылды.