​ШЫМКЕНТТЕ КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

0
345


​ШЫМКЕНТТЕ КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте кикбоксингтен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Бұл дода қазақ спортының дамуына сүбелі үлес қосқан Жүсіпов Есбол Жұмағұлұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнирдің үшінші мәрте жалауын көтеруімен ерекшеленіп отыр.

Чемпионаттың ашылу рәсіміне Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Биылғы бәсекеде еліміздің 18 аймағынан келген 300-ге жуық жас спортшы бақ сынауда. Жарыс кикбоксингтің фулл-контакт, лоу-контакт және К-1 бөлімдері бойынша 12 салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл додада Шымкент қаласынан 41 спортшы жеңіс тұғырына көтерілуге таласады.
Айта кетейік, аталмыш чемпионатта үздік шыққан спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасының сапына еніп, ел намысын халықаралық ареналарда қорғайтын болады.
Бөлісу