Кездесуде заңгерлер көпбалалы аналарға отбасылық құқық және бала құқығы жөнінде түсіндірді.
Шымкентте «Республикалық медиаторлар қауымдастығының» төрайымы Нұрбала Оразқұлова, медиатор Бағила Жумабаева және «ADILET GROUP» заңгерлік компаниясы өкілдері көпбалалы аналармен кездесті деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесуде заңгерлер көпбалалы аналарға отбасылық құқық және бала құқығы жөнінде түсіндірді.
Талқыланған мәселелердің дені алимент төңірегінде болды. Ажырасқан көпбалалы аналар балаларының әкесінен алимент өндіру туралы заңгерден тегін кеңес алды. Заңгерлердің сөзінше, тіпті қартайған әкесі немесе шешесін тастап кеткені үшін баласынан алимент өндіруге құқылы.
Кездесу соңында «SHANYRAQ» орталығы мен «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» және «ADILET GROUP» заңгерлік компаниясы әлеуметтік жағынан осал топтарға құқықтық жәрдем беру мақсатында меморандум жасасу туралы келісімге келді.