Олардың барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған.
2020 жылдың 9 сәуірі күні корнавирус инфекциясын жұқтырғандардың төртеуі Шымкент қаласында тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олардың барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
9 сәуір сағат 10:00-дағы жағдай бойынша Шымкент қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 адам тіркелді.