Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 1300-ге жуықтады

0
699

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.


Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 1300-ге жуықтады

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 19 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 10 әйел адамнан, 8 ер адамнан және 14 жасқа дейінгі балада нақтыланды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Соңғы мәлімет бойынша, қалада COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 1296 адам анықталды.