Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 22 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды: олар 1951, 1955, 1957, 1960, 1962, 1963, 1964, 1976, 1983, 1988, 1989 жылы туылған азаматшалар, в 1949, 1961, 1963, 1971, 1974, 1977, 1987, 1987, 1992 жылы туылған ер азаматтар және 14 жасқа дейінгі 2 бала. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.06.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 978 адам анықталды.