Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

0
260

Өткен тәулікте КВИ-дің 79 жағдайы тіркелді.


Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалада өткен тәулікте КВИ-дің 79 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар 34 болса, белгілері жоқ 45. Індет жұқтырған 50 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 29 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2680 орын бар, төсек орын толымдығы 48%-ды құрайды, 1320 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1306 науқас емделуде,жансақтау бөлімінде –472төсек орын бар, 257 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 2159 адам вакцина алды (I компонент-1293, II компонент-866). Егу науқаны басталғалы барлығы 440 608 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 372 650 адам вакцинаның екі компонентін алды.