Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқастарды қайда жерлейтіндігі белгілі болды

0
812

Мегаполисте коронавирустан көз жұмғандар саны 10-ға жеткен.


Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқастарды қайда жерлейтіндігі белгілі болды

Шымкентте коронавирустан көз жұмғандарды жерлейтін арнайы орын жоқ. Сондықтан, коронавирустан көз жұмғандар қаладағы мазараттарға жерленеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қалалысының бас санитары баспасөз брифингінде мәлімдеді.

«Бізде инфекциялық дерттен көз жұмғандарды жерлейтін арнайы орын жоқ. Сондықтан да індет салдарынан көз жұмған науқастардың денесін толықтай залалсыздандырып, туған-туыстарына тапсырамыз . Қалай, қайда жерлейді өз еріктерінде. Алайда, туған-туысы да ауруханада болып, инфекциямен күресіп жатса денені өзіміз жер қойнына тапсырамыз. Бүгінде мұндай 4 мәйіт Абай ауданын қарасты, Қазығұрт шағынауданындағы мазаратқа жерленген.», - деді қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Айта кетейік, Шымкент қаласында коронавирустан көз жұмғандардың саны 10-ға жеткен.