Шымкентте коронавирустың 59 жағдайы тіркелді

0
359

13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте коронавирустың 59 жағдайы тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 20 маусым күні КВИ-дің 59 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде белгілері бар - 34, белгілері жоқ – 25. 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30,
№2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 938 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 338 науқас емделуде (КВИ-171, пневмония-167, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде – 12. Осы күнге дейін 462 487 адамнан ПТР сынамасы алынған, оның ішінде соңғы тәулікте - 1094.
Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 2354 адам вакцина алды (I компонент-1423, II компонент-931). Егу науқаны басталғалы барлығы 228 356 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 132 259 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар 20 маусым күні 212 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізілген. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.