Шымкент қаласының аумағында 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 25 мамыр 07:00-ге дейін карантин режимі ұзартылған.
Шымкентте қауіпті індеттің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген төтенше жағдай мерзімі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталды. Алайда шектеу шаралары біткен жоқ.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 25 мамыр 07:00-ге дейін карантин режимі ұзартылған.
Осыған орай, Шымкент қалалық 4 аудан әкімінің төрағалығымен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Сақтық шараларын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.