195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Шымкент қаласында көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Атап айтқанда 276 орамдағы 27 көшеге (12,9 шақырым), 275 орамдағы 7 көшеге (2,4 шақырым), 195 орамдағы 5 көшеге (1,1 шақырым) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы Әл-Фараби ауданында осы жылы 15,87 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады.