Шымкентте «Крещение Господне» күні қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

0
57


Шымкентте «Крещение Господне» күні қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Шымкент қаласы аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Департаменттің басты қызметтік міндеттерінің бірі. Қаланың климаттық ерекшеліктеріне байланысты қыс мезгілі кеш басталғанымен, күзден бастап профилактикалық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Православиелік христиандардың дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесі жыл сайын 19 қаңтарда атап өтіледі. Бұл күні ашық ауада арнайы ұйымдастырылған шұңқырларға немесе суға шомылу рәсімі өткізіледі. Шымкент қаласында мерекелік шара Әл-Фараби ауданының Қошқар Ата өзенінің басында өтеді.
Ағымдағы жылдың 18-інен 19 қаңтарына қараған түні Департаменттің жауапты қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады. Шара аясында 2 техника мен 10 қызметкерден тұратын арнайы посттар қойылады.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, осы түні ауа температурасы орташа есеппен -4-5°C-ты құраса, өзен суының температурасы барлық маусымда тұрақты түрде +11°C деңгейінде сақталады.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, арнайы белгіленбеген жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады. Мұндай жағдайларда жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.
Бөлісу