​Шымкентте құлақ мұрын ауруларын емдейтін бөлімше ашылды

0
899

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері сауықтыра алады.


​Шымкентте құлақ мұрын ауруларын емдейтін бөлімше ашылды

Шымкенттік дәрігерлердің сырқаттарды емдеуде тағы бір мүмкіндігі артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алғаш рет қаладағы клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері сауықтыра алады.

Отоларингология өлімше 20 төсек орынға лайықталған. Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Жаңадан ашылған бөлімшедегі дәрігерлероперация жасауға да бейімделген. Соның арқасында дәрігерлер бұрынғыдай лор аурулары бар науқастарды Астана мен Алматы қаласынажібермей ақ өздері ота жасауда. Дәрігерлердің сөзінше, құлақ мұрын ауруына шалдыққан науқастардың басым бөлігі операциянықажет етеді екен.Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бөлімшеде емделіп шыққан науқастардың 90 пайызына дәрігерлдер ота жасаған.

“Көптеген ота түрін жасаймыз. Атап айтқанда, септопластика,вазотомия, конхотомия, мұрын қабыршықтарының оталары, Мұрын сүйектерінің репозициясы, ринопластика, эндоскопиялық оталар , құлақ ауруларының оталары, тонзиллэктомия, аденоэктомия, эндоскопиялық, дакриоцисториностомия, увулопалатофарингопластика (қорылдауды кетіретін) және де өзге күрделі ота жасаймыз”, - дейді қалалық клиникалық баллар ауруханасының лор дәрігері Ерубай Мақсат.

Айта кетейік, құлақ мұрын аурларына дер кезінде диагноз қойып, оны емдеуде ауруханада қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған. Емдеу мекемесінде операция жасауға арналған операциялық микрохирургиялық микроскопы, ЛОР комбайны сияқты барлық қажетті жабдықтар бар. Бөлімшеде дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдайды.