Шымкентте "Мектепке жол" акциясы өтті

0
697

Карантиндік талаптарға сәйкес, шара барасында 30 оқушыға беріліп, қалғаны үйлеріне жеткізілді.


Шымкентте

Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде.

Аталған акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.

Шараға “Nur Oran” партиясы Әл-Фараби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Үсіпахметов Зангарбек Нышанбекұлы мен Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Байконысов Ербол Рабілұлы қатысты.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі Керимбаева Наргиза Абадуллақызының демеушілігімен 100 балаға керек-жарағымен жабдықталған сөмкелер мен мектеп формалары табысталды. Карантиндік талаптарға сәйкес, шара барасында 30 оқушыға беріліп, қалғаны үйлеріне жеткізілді.