ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

0
66

Отбасы тәрбиесі мен білім саласына ерекше мән беріп келеді.


ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды. «Көрме» орталығында өткен марапаттау рәсімінде бес ауданнан іріктелген 12 отбасыға құрмет көрсетілді.

Жеңімпаздарға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек салтанатты жағдайда марапаттарын табыс етті

Биыл байқауға қаланың бес ауданынан 48 отбасы өтінім берген. Екі айға жуық уақытқа созылған іріктеу барысында отбасылардың білім, ғылым, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы жетістіктері ескерілді. Қалалық кезеңнің жүлде қоры 2,9 млн теңгені құрады.
Байқаудың басты жүлдесін Абай ауданының Қожамжаровтар әулеті иеленіп, 1 млн теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Әулет басшысы Сейдахмет Қожамжаров ұзақ жылдар бойы педагог болып еңбек еткен. Жұбайы Зылиха Пернебековамен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірген. Олардың барлығы жоғары білім алған. Бүгінде әулеттің бірнеше буыны білім беру, ғылым, медицина, психология, өнер, спорт, әскери және қоғамдық қызмет салаларында еңбек етеді. Отбасы құрамында бір академик, екі профессор және алты ғылым магистрі бар.

«Отбасының берекесі – бүкіл Шымкенттің берекесі. Балаларымыз бен немерелеріміз ғылым, медицина, спорт және өнер салаларында жетістіктерге жетіп келеді. Біз үшін үлкенге құрмет, еңбекке жауапкершілік және отбасы мүшелеріне деген өзара қолдау басты құндылық», – деді Сейдахмет Қожамжаров.

Бөлісу