Шымкентте мұғалім ретінде жұмысқа кірмекші болған тұрғын млн теңгесінен айрылды

0
849

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Шымкентте мұғалім ретінде жұмысқа кірмекші болған тұрғын млн теңгесінен айрылды

Шымкент тұрғыны жұмысқа орналасамын деп млн теңгесінен айрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

18 қаңтарда Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы қаладағы мектептердің біріне мұғалім ретінде жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алдап алған.

Алайда бүгінге дейін әлгі азаматша не уәде етілген жұмысты, не ақшасын қайтармай жүргенін айтқан. Хабарды алған Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғынды алдап соққан азаматшаны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді.

Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында тұрғынды алдаған азаматша тұрғынға жалған ақпарат берген, сондай-ақ иемденген қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.