Шымкентте ​мұнай өңдеу зауытының 96 қызметкері коронавирус жұқтырған

0
859

Бүгінде Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 404-ке жетті.


Шымкентте ​мұнай өңдеу зауытының 96 қызметкері коронавирус жұқтырған

Шымкентте "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС-нің 96 қызметкері коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Ербол Садырдың мәлімдеуінше, 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өткізіліп, нәтижесінде 137 жағдай анықталды. Зауыт аумағында қызметкерлерге медициналық қызметті "Медикер" ЖШС көрсетеді.

Сондай-ақ, қызметкерлер жатқан барлық жатақханаларда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Алайда, мұнай өңдеу зауыты карантинге жабылмаған. Қазір зауыт өз жұмысын жалғастыруда.

2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 60 жаңа зертханалық расталған СOVID - 19 жағдайы анықталды. Ал бүгінгі күнге дейін қалада коронавирустық инфекцияның 404 жағдайы тіркелді (COVID-19).
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 пациент коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай.