Шымкентте ​оқушыларға вакцина салу жалғасып жатыр

0
651

Екпе егу барысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қадағалауымен өтуде.


Шымкентте ​оқушыларға вакцина салу жалғасып жатыр

Шымкент қаласындағы З.Космедьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушыларға Pfizer вакцинасының І және ІІ компоненттері салына бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Индира Алпысбаеваның мамандығы заңгер. 11 сыныпта оқитын қызына вакцина салдыруға рұқсат беріп отыр. Өзі де толық екпе алған. Айтуынша, коронавирус инфекциясынан құтылудың жалғыз жолы - вакцина алу.

Вакциналау жұмыстарын қалалық №13 орталық емхананың медицина қызметкерлері атқаруда. Сондай-ақ екпе егу барысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қадағалауымен өтуде.

Абай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айкүміс Мұсаеваның айтуынша, Абай ауданы бойынша 12-18 жас аралығындағы 3027 жас Pfizer вакцинасын салдырған. Жалпы жоспарға сәйкес аталмыш ауданда 32 мың адам Pfizer екпесін алуы тиіс.