Шымкентте «оралман» мәртебесін бір реттік ұзарту акциясы жүріп жатыр (видео)

0
899

Акцияға оралман мәртебесін алған, оралман мәртебесінің мерзімі аяқталған, оралман мәртебесін алмаған Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аударған шетелдіктер қатыса алады.


Шымкентте «оралман» мәртебесін бір реттік ұзарту акциясы жүріп жатыр (видео)

Шымкент қаласында Елбасының тапсырмасына сәйкес «оралман» мәртебесінің өту мерзіміне қарамастан 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін оралман мәртебесін бір реттік ұзарту акциясы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акция Шымкент қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен жүзеге асып жатыр (Шымкент қаласы, С.Байтереков көшесі 89,байланыс телефоны 77-40-58). Оралман мәртебесін ұзартқан азаматтар тұрғылықты жерлері бойынша көші-қон қызметіне ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте қабылдауға құжаттарын тапсыра алады.

Айта кетейік, осы мәселеге қатысты туындаған сұрақтарыңыз болса, Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының 97-63-34, 97-63-02 телефондарына хабарласуға болады.