Шымкентте өртенген үйден 71 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

0
554

Өрттің шығу себептері анықталуда.


Шымкентте өртенген үйден 71 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 25 шілде күні сағат 00:15-те Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен және көлемі 36 шаршы метр 2-бөлме, үй заттары жанған. Көлемі 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады.

"Өрт сағат 00:44-де оқшауланып, сағат 01:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің салдарынан 1951 жылғы ер азаматтың денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталуда", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.