Шымкентте өрттен бір адам зардап шекті

0
1 032

Үйден 50 л газ баллоны шығарылған.


Шымкентте өрттен бір адам зардап шекті

Шымкент қаласы ТЖД «101» басқару пультіне 2023 жылғы 8 тамызда сағат 18.57-де Еңбекші ауданы Айсүгір көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 120 ш. м. құрайтын тұрғын үй толығымен, ішінде үй заттары, жиһазы, тұрмыстық техникасы жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екендігін анықтады.

Тез арада өртті сөндіру, газ баллонды суыту жұмыстары жүргізіліп, №2 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Ғалымжан Дүйсенбекұлы Битанов 50 л. газ баллонды қауіпсіз аймаққа алып шығарды.

Өрт 19.23-те оқшауланып, 19.42-де сөндірілді. Өрттің салдарынан 1992 жылы туған ер адам19 % күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық.

Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 20 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.