Бүгінде инфекциялық төсек орын толымдылығы 10 пайызды құрайды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 11 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 1 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 5 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 адам үй бақылауына алынды. Бүгінде инфекциялық төсек орын толымдылығы 10 пайызды құрайды.
Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 1848 адам вакцина алды (I компонент-329, II компонент- 1519). Егу науқаны басталғалы барлығы 592 240 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 573 283 адам вакцинаның екі компонентін алған. Ал, Rhizer вакцинасының I компонентін 15 295 адам, II компонентін 6054 адам қабылдады. Сондай-ақ, 29 547 адам ревакцинацияланды.