Шымкентте өткен тәулікте 125 адамнан коронавирус анықталды

0
235

Оның ішінде 48 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 77 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 125 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 125 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 103, белгілері жоқ – 22), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 48 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 77 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 37%-ды құрайды, 882 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 531 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, 94 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 7466 адам вакцина алды (I компонент-4453, II компонент-3013). Егу науқаны басталғалы барлығы 521 078 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды.