Шымкентте өткен тәулікте 147 адамнан коронавирус анықталды

0
613

Індет жұқтырған 98 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 51 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 147 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 147 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 19 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 98 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 51 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 55%-ды құрайды, 1670 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2110 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 559 төсек орын бар, 346 науқас ем қабылдауда.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 427 382, тәулігіне–1039. Бір тәулік ішінде қалада 4674 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 413 654 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 343 920 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 23 тамыз күні 449 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 13 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.