Шымкентте өткен тәулікте 260 адамнан коронавирус анықталды

0
461

Оның ішінде 103 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 157 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 260 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 260 жағдай (225 симптоммен, 35 симптомсыз) тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 103 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 157 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 4491 адам вакцина алды (I компонент-2129, II компонент-2362). Егу науқаны басталғалы барлығы 417 826 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 349 497 адам вакцинаның екі компонентін алды.