Шымкентте өткен тәулікте 382 адамнан коронавирус анықталды

0
709

Оның ішінде 176 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 206 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте  382 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 382 жағдай (337 симптоммен, 45 симптомсыз) тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 176 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 206 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 096 орын бар, оның ішінде 1198 төсек орын бос. Ал инфекциялық стационарда 1898 науқас емделуде.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7806 адам вакцина алды (I компонент-1969, II компонент-5837). Егу науқаны басталғалы барлығы 356 604 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 227 122 адам вакцинаның екі компонентін алды.