Оның ішінде 198 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 247 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 445 жағдай (393 симптоммен, 52 симптомсыз) тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 198 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 247 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 6682 адам вакцина алды (I компонент-1774, II компонент-4908). Егу науқаны басталғалы барлығы 360 220 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 256 760 адам вакцинаның екі компонентін алды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
Шымкентте арнайы сайт арқылы қоғамдық көлікке қатысты шағым қалдыруға болады