Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 452 жағдай (387 симптоммен, 65 симптомсыз) тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 244 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7616 адам вакцина алды (I компонент-12515, II компонент-5101). Егу науқаны басталғалы барлығы 362 736 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 261 861 адам вакцинаның екі компонентін алды.