Егу науқаны басталғалы барлығы 394 484 адам вакциналанды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 5559 адам екпе салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Егу науқаны басталғалы барлығы 394 484 адам вакциналанды. Оның ішінде 319 207 адам вакцинаның екі компонентін алды.
12 тамыз күні КВИ-дің 532 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 416, белгілері жоқ – 116). 277 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 255 адам үй бақылауына алынды.
Сондай-ақ, 12 тамыз күні 473 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.