Шымкентте өткен тәулікте 6,5 мыңға жуық адам вакцина салдырды

0
378

Егу науқаны басталғалы барлығы 429 857 адам вакцинацияланды.


Шымкентте өткен тәулікте 6,5 мыңға жуық адам вакцина салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 6412 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте өткен тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталды (белгілері бар – 117, белгілері жоқ – 23). Оның ішінде 91 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 49 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 50%-ды құрайды, 1498 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1552 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 300 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде 6412 адам вакцина алды (I компонент-3020, II компонент-3392). Егу науқаны басталғалы барлығы 429 857 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 362 201 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 344 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.