Шымкентте өткен тәулікте 650 адамнан коронавирус анықталды

0
300

Оның ішінде 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 650 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 650 адамнан (516 симптоммен, 134 симптомсыз) коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3250 адам вакцина алды (I компонент-1018, II компонент-2232). Егу науқаны басталғалы барлығы 368 443 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 273 625 адам вакцинаның екі компонентін алды.