Шымкентте өткен тәулікте 81 адамнан коронавирус анықталды

0
288

Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте  81 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 81 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 61- і симптомды, 20-ы симптомсыз. Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3074 адам вакцина алды (I компонент-2293, II компонент-781). Егу науқаны басталғалы барлығы 487 723 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 398 148 адам вакцинаның екі компонентін алған.