Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 47 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның 34 симптоммен, 13 симптомсыз. Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияда 328 адам (КВИ – 189, пневмония – 139) ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 826 төсек-орын бар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 5891 адам вакцина алды (I компонент-3643, II компонент-2248). Егу науқаны басталғалы барлығы 239 524 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 141 328 адам вакцинаның екі компонентін алды.