Жалын еденге құлаған ауа жылытқыштан туындағаны анықталды.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Патрульдік экипаж арнайы жарық сигналды қондырғыны қардан тазарту үшін жақын маңдағы көлік жуу орталығына барған.
Мекенжайда шақыруға ешкім жауап қатпағандықтан, сақшылар орталық жұмысшыларын табу мақсатында ғимаратқа кіреді. Қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып ес-түссіз жатқан адамды көріп, инспекторлар Жұмахан Шымырбаев пен Жандос Сүлейменов бірден көмекке кіріскен.
Полицейлер азаматты сыртқа шығарып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай ер адам дәрігерлерге тапсырылды.
Осылайша, тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.
Жалын еденге құлаған ауа жылытқыштан туындағаны анықталды.
Полиция азаматтарды ұқсас құрылғыларды қолданған кезде мұқият болуға және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.