26 жылдан бері арнайы есепте тұратын тұрғын мегаполис көшелерінде көлік жүргізіп жүрген.
Шымкентте психикалық ауытқуы бар азаматқа жалған анықтамамен көлік жүргізушісі куәлігі берілген. Куәлік аларда жүйке ауытқуы бар ер адамға тиісті мекеме тіпті "психдиспансерде есепте тұрмайды" деген анықтама да бергені анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
26 жылдан бері арнайы есепте тұратын тұрғын мегаполис көшелерінде көлік жүргізіп жүрген. Мұны Шымкент қалалық полиция департаменті анықтаған. Әшкереленген Р.О.-ны көлік жүргізу құқығын шектеу туралы полицейлер сотқа арызданған. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында талап қоюшы «Шымкент қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің арызмен жауапкер Р.О.-ны көлік жүргізу құқығын шектеу туралы азаматтық іс қаралды.
"Жауапкер Р.О.-да жүргізуші куәлігі болған. Алайда, Шымкент қаласы «Психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында Р.О. диспансерде 1994 жылдың 17 қазан айынан бері есепте тұрғаны және сарапшы қорытындысымен қоғамдық қауіпті әрекетті есі дұрыс емес деп қорытындысын бергені анықталған. Судья осы негіздер бойынша полиция департаментінің талабын сот шешімімен қаңағаттандырған, яғни көлік жүргізу құқығын шектеді,"- деп мәлімдеді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.