Ерекше оқиға туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Шымкентте әскерге шақырылған сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады Stan.kz.
Ерекше оқиға туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.
18 қаңтарда ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланына қарасты 6506 әскери бөлімінің 400-ге жуық жас сарбазы әскери ант қабылдады.
Рәсімнен кейін көпшілік алдында Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Андреев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Салтанатты шараға жиналған мыңға жуық адам романтикалық оқиғаның куәсі болды.
Салтанатты шараға Русланның ата-анасы да келген, олар ұлдарының ниеті туралы алдын ала білгендерін және шешімін қолдайтындарын атап өтті.