Егу науқаны басталғалы барлығы 406 062 адам вакцинацияланды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
18 тамыз күні КВИ-дің 418 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 341, белгілері жоқ – 77). Оның ішінде 265 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 153 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 60%-ды құрайды, 1560 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2370 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 393 науқас ем қабылдауда. Бір тәулікте 3312 адамнан ПТР сынамасы алынды.
Соңғы тәулік ішінде қалада 4294 адам вакцина алды (I компонент-2026, II компонент-2268). Егу науқаны басталғалы барлығы 406 062 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 333 479 адам вакцинаның екі компонентін алды.