Оның ішінде 57 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 13 қыркүйек күні КВИ-дің 95 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 74, белгілері жоқ – 21), деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 57 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 38 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 183 орын бар, төсек орын толымдығы 40%-ды құрайды, 1239 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 944 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 393 төсек орын бар, 180 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 2451 адам вакцина алды (I компонент-1816, II компонент-635). Егу науқаны басталғалы барлығы 458 649 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 385 573 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 403 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.