Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша кездесу өтті

0
927

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.


Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша кездесу өтті

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында қалалық ұйғырлар қауымдастығы және татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің мүшелерімен онлайн кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Ұзынжас, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Б.Байтешова қатысты.
Жиын барысында Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Ұзынжас Агенттіктің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық берілгенін атап өтіп, осы бағытта қолға алынған жаңа жобалардан хабардар етті.
Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралар түсіндірілді.
Жиында сөз алған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қайрат Анарбаев Штабтың негізгі міндетімен таныстырып, парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екенін жеткізді.
Өз кезегінде Жани Қамбар Жобалық кеңсе жұмысымен таныстырып, тұрмыстық жемқорлықты жоюда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.