Бүгінде мегпаолисте коронавирус инфекциясын жұқтырған 171 адам анықталды.
Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Вирус жұқтырған азаматтар 1973 ж, 1978 ж, 1991 жылғы қала тұрғындары. Сондай-ақ, 1987 жылғы азаматша Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
27.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 171 адам анықталды.