Шымкентте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша жиын өтті

0
1 391

Отырыс барысында халыққа қызмет көрсетуді үйлестіру, инфекциялық, паразитарлық ауруларды, туберкулезді, аса қауіпті және ауруханаішілік инфекцияларды бақылау жұмыстары мәселелері қаралды.


Шымкентте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша жиын өтті

Бүгін Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2019 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысымен медико-профилактикалық алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырыс барысында халыққа қызмет көрсетуді үйлестіру, инфекциялық, паразитарлық ауруларды, туберкулезді, аса қауіпті және ауруханаішілік инфекцияларды, сонымен қатар медициналық ұйымдарды эпидемиологиялық бақылау жұмыстары мәселелері қаралды.

Сондай-ақ жұмыс орындарында және коммуналдық мақсаттағы объектілерде, қоғамдық тамақтану орындарында, балалар және жасөспірімдер арасында жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау жұмыстары талқыланды.

Аталған тақырыптар бойынша оқылған баяндамалардан кейін, алқа төрағасы және қатысушы мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары, сонымен қатар 2020 жылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыға салынды.