Шымкентте тігін фабрикалары мектеп формаларын ұсынды

0
4 814

Шымкентте "Оқушылар сарайында" мектеп формасының көрмесі өтті.


Шымкентте тігін фабрикалары мектеп формаларын ұсынды

Бүгін Шымкентте отандық өнімді қолдау мақсатында мектеп формаларын өндурушілер көрмесі ұйымдастырылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде отандық өндірушілерді қолдау ҚР Үкіметінің күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Осы мақсатта отандық өндірісті қолдау және жергілікті аймақта өз өнімдер қамту, сондай-ақ олардың үлесін артыру бойынша мектеп формаларының өндурушілерінің көрмесі өтті.

Аталған көрмеге Қазақстандық "Glasman Kids", "Жібек Н.М", "Zibroo", "Astana","ALTYN ADAM","SABTEX","DANMARD" атты тігін фабрикалары өз өнімдері ұсынылды.

Солардың бірі "SABTEX" "Гаухар" тігін фабрикасы

"Гаухар" тігін фабрикасы 20 жыдан аса мектеп формасын шығарып келе жатыр. Біздің мектеп формалары Қазақстанның барлық қалаларында сатылуда. Біздің мектеп формамыз Білім және ғылым министрлігінің стандартарына сай тігілген. Яғни біз мектеп формасының матасын 70% полиэстер, 30% вискозадан тұрады, соған сәйкес шетелдерге тапсырыс беріп жасатамыз. Мектеп формасы BS "Bellasco" деген брендімен шығарылып жатыр. Біздің формалар Италияндық ситльге сәйкестендіріліп жасалынған", дейді "SABTEX" "Гаухар" тігін фабрикасының сату бөлімінің басшысы Гилажова Құралай.