​ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ: бүгін перзентханадан шықты

0
132

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге ерекше күтім жасалды.


​ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ: бүгін перзентханадан шықты

Шымкент қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді. Биылғы алғашқы үшемдер мен анасын дәрігерлер бүгін перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды.

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Шымкенттік батыр ананың бұл тұңғыш сәбилері.
Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды.
Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.
Бөлісу