Шымкентте "вейп" сатқан азаматша істі болды

0
235


Шымкентте

«Нөлдік төзімділік» қағидаты негізінде жасалған меморандум аясында коммуналдық қызметшіден қоғамдық орында белгісіз тұлғаның электрондық темекіні (вейптерді) сатып тұрғаны туралы полицияға хабарлама түсті.

Бұл факті бойынша Шымкент қаласының Еңбекші АПБ-мен ҚР ҚК-нің 301-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, «А» есімді әйел азаматшасы әшкереленді.
06.01.2025 жылғы сот үкімімен аталған құқық бұзушы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Жалпы аудан бойынша коммуналдық қызметшілердің көмегімен 1000-нан астам наркожарнамалар жойылды, 41 әкімшілік және 3 қылмыстық құқық бұзушылық құрықталды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына шегілмейтін темекі бұйымдарын, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатқаны және таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді Шымкент қаласының прокуратурасы.
Бөлісу