Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның IV отырысы өтті.
Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, Комиссияның тең төрағасы Жақып Қажманұлы Асанов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының орынбасары, Комиссияның тең төрағасы Содик Солихұлы Сафоев, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының депутаттары, министрліктің өкілдері қатысты.
Комиссия жұмысын ашқан Жақып Қажманұлы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген байланыс сындарлы және сенімді диалог құруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын, оған комиссияның қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, комиссия отырысында 2023 жылы басталған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының жұмысы, екі ел тарапынан салынып жатқан индустриялды аймақтарға инвесторлар тарту мәселесі де қаралды.
Бұдан өзге, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасының жобасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында қаралатын мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланды.