​Шымкентте заманауи AI-кеңсе іске қосылды

0
86

Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған болатын.


​Шымкентте заманауи AI-кеңсе іске қосылды

Шымкентте мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға және цифрлық сервистерді пайдалануға арналған еліміздегі бесінші жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды.

Кеңістік мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың қолайлылығы мен қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жасақталған.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
AI-кеңседе жедел қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтарымен қоса демалуға арналған арнайы орын қарастырылған. Кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған.
Жаңа кеңсенің басты жаңашылдықтарының бірі - құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік немесе паспортты өз бетінше бірнеше минуттың ішінде рәсімдей алады.
«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Біз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттер аясында қызметтерді автоматтандырып, азаматтарға барынша қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасауға басымдық беріп келеміз. AI-кеңселер - осы бағыттағы нақты қадам», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Мұнда цифрлық сервистермен қатар, азаматтар цифрлық дағдыларын жетілдіріп, электрондық сервистерді пайдалануды тегін үйретуге арналған арнайы оқыту аймақтары да қарастырылған.
Жоба Shymkent City Mall СОО қолдауымен жүзеге асырылды. Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған болатын. Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта заманауи цифрлық кеңселер желісін еліміздің басқа өңірлерінде де дамытуды жоспарлап отыр.
Анықтамаүшін: жаңа AI кеңсесі мына мекенжай бойынша орналасқан:
Шымкент қаласы, Байдібек би даңғылы, 362/7. Shymkent City Mall СОО
Жұмыс кестесі: ДҮЙСЕНБІ–ЖҰМА, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Бөлісу