Шымкентте заңсыз жұмыс жасап жүрген 31 қытай азаматы елден шеттетілді

0
1 114

Инвестор ретінде келген қытайлық азамат Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болады. Алайда құрылысты жүргізуде өз отандастарына ғана сеніпті.


Шымкентте заңсыз жұмыс жасап жүрген 31 қытай азаматы елден шеттетілді

Шымкентте заңсыз жолмен Қазақстан аумағында жұмыс жасап жүрген қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты. Судья 31 Қытай азаматын елден шеттету жөн деген шешім шығарды. Ал гастарбайтерлерді жұмысқа тартқан кәсіпорын басшыларына миллиондап айыппұл салынды. Ең қызығы олар да қытайлықтар. Олар елден қуылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

"Сот үкімімен Чжу Цзян Баоға айлық көрсеткіш 2500 еселенген мөлшерінде, яғни 6 миллион 125 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар ҚР аумағынан шығарылып, 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынған", - деді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Инвестор ретінде келген қытайлық азамат Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болады. Алайда құрылысты жүргізуде өз отандастарына ғана сеніпті. Осылайша 2018 жылы Алматының әуежайы арқылы 31 қытайды шақыртып алыпты. Бірнеше күнге келгендей болған олар ары қарай Шымкентке жетіп, жайбарақат заңсыз жұмыс істеп келген. Яғни жатын орын мен жалақысы жақсы болыпты. Бірақ өткен жылдың күзінде көші-қон полициясының қолына түскен.