Шымкентте жаңа стадионның тұжырымдамасы таныстырылды

0
381

Жоба аясында жаяу жүргіншілер аймағын кеңейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және қалалық көлік жүйесімен үйлестіру жоспарланып отыр.


Шымкентте жаңа стадионның тұжырымдамасы таныстырылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков наурыз айының басында «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясының басшылығымен және бірегей нысандарды жобалау жөніндегі Арена институтының өкілдерімен кездесіп, басқосу барысында жаңа стадионның тұжырымдамасы мен негізгі жобалау аспектілері қаралған болатын.

Кездесу барасында жобалау институтының мамандары стадионның тұжырымдамасын ұсынды. Жоба сәулеттік шешімдер, сыйымдылық, инфрақұрылым мәселелерімен қатар, көрермендер үшін қолайлы жағдай жасауға және нысанның экологиялық талаптарға сәйкестігіне басымдық береді. Сондай-ақ, заманауи материалдарды қолдану, энергия тиімділігі және қауіпсіздік шаралары жан-жақты пысықталды.
Стадион айналасындағы аумақты абаттандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жоба аясында жаяу жүргіншілер аймағын кеңейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және қалалық көлік жүйесімен үйлестіру жоспарланып отыр.
Кездесу барысында қала әкімі спорттық инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтіп, жобаның әр қырын мұқият пысықтауды тапсырды. Әсіресе, экологиялық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынуы керек екенін айтты.
Мұндай кездесулер жобаның бастапқы кезеңінде оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын бағалауға, сондай-ақ ықтимал кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Бөлісу