Шымкентте жаңа жылдық мерекелерде жедел жәрдем қызметі үздіксіз жұмыс істеген

0
253


Шымкентте жаңа жылдық мерекелерде жедел жәрдем қызметі үздіксіз жұмыс істеген

2024 жылғы 31 желтоқсаннан 2025 жылғы 4 қаңтарға дейін Шымкент қаласында жедел медициналық жәрдем қызметі 9631 шақыртуға қызмет көрсеткен.

Бұл көрсеткіш мереке алдындағы күндермен салыстырғанда тәулігіне 150-200 шақыртуға немесе 9%-ға төмендеген. Қызмет жүктемесі жаңа жылдық мерекелерге қарамастан жоғары деңгейде болды, бірақ шұғыл шақыртуларға кешігу орын алған жоқ.

Мереке күндерінде 102 жедел медициналық жәрдем бригадасы тәулік бойы жұмыс істеді. Сонымен қатар, қала стационарларының резервінен алты санитарлық автокөлік тартылып, қарбалас уақыттарда 26 қосымша бригада жұмылдырылды. Бұл шаралар қала тұрғындарына сапалы және жедел көмек көрсетуді қамтамасыз етті.
Акушерлік және гинекологиялық патологиялар бойынша 803 жүкті әйел мен 139 босанғаннан кейінгі әйелге көмек көрсетілді. Жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша 767 шақырту тіркелсе, оның ішінде 65 жағдайда шұғыл коронарлық синдром, 83 жағдайда инсульт диагнозы қойылды. Жедел респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) ауыратын науқастардан 1565 өтініш түсті.
Жазатайым оқиғалар мен уланулар бойынша 749 шақырту тіркелді. Олардың ішінде 25 жол-көлік оқиғасы, 11 көміртегі тотығымен улану жағдайы (бір өлім оқиғасы), екі өрт және бір газ жарылысы тіркеліп, зардап шеккендер болмады. Пиротехникадан жарақат алу бойынша бес жағдай орын алды: төртеуінде көз жарақаты, біреуінде қол жарақаты анықталды.
Мереке күндерінде шұғылдықтың бірінші санаты бойынша 641 шақырту (6,7%), екінші санат бойынша 2770 шақырту (28,8%), үшінші санат бойынша 2371 шақырту (24,6%) және төртінші санат бойынша 3045 шақырту (31,6%) қызмет көрсетілді. Оның ішінде төртінші санаттағы шақыртулардың 80%-ын емханалар орындады.
Бөлісу